Ақтөбе облысында ауыл тұрғыны әкімнен әйел сұрап келді
Ақтөбе облысында ауыл тұрғыны әкімнен әйел сұрап келді
8 жыл бұрын 2982 nur.kz

Ақтөбе облысындағы ауылдардың бірінің орта жас шамаларындағы тұрғыны әкімнен қалыңдық сұрап келді. Бұл туралы елді мекеннің атын көрсетпеуді сұраған ауыл әкімі «Тілші» порталына әңгімелеп берді. "Бастапқыда ауылдағы мәселелерді көтеріп келді. Ауыл үшін сұрап тұрған соң, әкімдік атынан көмектестік. Алайда, ол азамат ертеңіне тағы келді. Бізде кейбір адамдар қызық қой. Бір көмектессең, қайта-қайта келе береді. Қош, екінші келгенінде не айтар екен дедік", — деп бастады әңгімесін ауыл әкімі. Алдымен, әкімдіктің кешегі көмегіне алғысын білдірген. Содан соң, тағы бір «мәселенің» шетін тарқатыпты. "Сіздер әкімдікте жұмыс жасайсыздар ғой, мұнда небір адамдар жолығады. Егер араларында басы бос қыз-келіншек болса, менің мекенжайымды көрсетіңіздерші. Тіпті, баспана сұрап келгендер болса, ауыл шетіндегі пәленбай ауласындағы жаз үйін тегін жалға береді екен деп, мен жаққа бұрып жіберіңіздерші", — депті әлгі ауыл тұрғыны әкімге екінші рет жолыққанында. Ауыл әкімінің айтуынша, әйел сұрап келген тұрғын еш әзілсіз, салмақты сөйлеген.

0 пікір
Мұрағат