Әйеліне қол жұмсағандар абақтыға жабылуы мүмкін
Әйеліне қол жұмсағандар абақтыға жабылуы мүмкін
7 жыл бұрын 3540 Baq.kz

Еліміздегі тұрмыстық зорлық-зомбылықты талқылаған мәжілісмендер заңға осындай өзгеріс енгізуді ұсынды. Бала-шағасын қорлап, әйеліне қол көтергендер міндетті түрде қылмыстық жауапқа тартылуы тиіс дейді депутаттар. Өйткені, қазір жаза жеңіл болғандықтан отбасында ойран салатын маскүнем, қатыгез әкелердің қатары артқан. 

Сондай-ақ, депутаттар кәмелет жасына толмаған қыздар арасындағы жүктілікке де алаңдап отыр.

Мәжілісмендер күйеуінен қорлық көріп жүрген келіншектердің тағдырын үш сағат талқылады. Өйткені, елімізде әйеліне ғана әлі жететін еркектер көбейіпті. Олар көбіне араққа тойып алып немесе отбасындағы түрлі қиындықты, қаржы тапшылығын көтере алмай шу шығарады екен. Ал жанжалдың азабын көріп жатқан әдеттегідей әйел-баласы мен кәрі ата-анасы.

«Былтыр 26 мың ауыр қылмыс жасалған. 853 адам қасақана өлтірілді. Бұл қылмыстың көбі отбасылық ұрыс-керістен шыққан», - дейді ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов.

Қазір әйеліне қол көтергендерге айыппұл салады немесе 3 сағатқа абақтыға жабады. Қылмыстық іс қозғау үшін келіншектер қайта арызданып, таяқ жегенін дәлелдейтін құжаттар жинауы тиіс. Бұл ұзақ шаруа. Сондықтан, полицейлер сүйген жарын көкала қойдай сабап тастағандарды әкімшілік жауапқа тарту керек деп отыр. Депутаттар бұған бірден қарсы шықты.

«Отбасындағы заңбұзушылықтың барлығын әкімшілік жазадан қылмыстық жазаға ауыстыруымыз керек. Ол қылмыс. Ол қалай әкімшілік жаза болып саналу керек?», - дейді Мәжіліс депутаты Омархан Өксікбаев

Азап шегіп жүрген әйелдер ғана емес. Келіншегінің қыңыр мінезінен мезі болған еркектер де шағымданады екен. Оларға көбіне психологиялық көмек көрсетіледі. Ал, жылына отбасы алдындағы міндетін орындай алмаған мыңнан астам ерлі-зайыпты ата-ана құқығынан айырылып жатыр. Салдарынан тірі жетімдердің саны да еселеп артқан. Қазір 12 мың жанұя полицейлердің бақылауында тұр. Бұл аздай кәмелеттік жасқа толмаған қыздармен азаматтық некеде тұратындардың да қатары көбейіп кетіпті.

«Бүгінде кәмелеттік жасқа толмаған қыздар арасындағы жүктілік көп. Мәселен, соңғы 3 жыл ішінде 15-18 жастағы 5 жарым мың қыздың аяғы ауыр болған. Ал, полицейлер сексуалдық зорлық-зомбылыққа қатысты небары 12 қылмыстық іс қозғапты», - дейді Мәжіліс төрағасының орынбасары Владимир Божко.

Божко мұндай сорақылықты байқамай отырған полицейлер мен әлеуметтік қызметкерлерге шүйлікті. Енді елімізде келесі жылдан бастап жәбір көрген жасөсіпрімдерге, тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдерге әлеуметтік көмек көрсететін арнайы мекемелер ашылмақ. Ол үшін қазынадан 1 миллиард теңгеден астам ақша бөлінген.

3 пікір
  • Уят емес пе? Артын неге ойламайсыздар. Олай истеп оларды одан бетер жауластырасыздар гой. Озин турмеге жаптырган айелди намысты еркек калай кеширеди, калай биге турады сосын? Ойтип ажырасуды одан бетер кобейтесиндер гой. Айел еркектин жекеменшиги. Кейин озара татуласып,турып кетеди.
    7 жыл бұрын
  • Сосын, еркекти камап айели алдында абыройын тогип, еркектик намысын корлайсындар, ез етесиндер, рухын томендетесиндер, балаларынын алдында акелик, еркектик касиетин жоясындар. Еркектин аты еркек... Еркектин айел алдында орны биик, онын киеси бар.
    Мунын арты кайгылы окигага да апаруы мумкин..
    Ал енди ишкиш болса оны емдету керек.
    7 жыл бұрын
  • Ондай маселемен бас катырып, уакытты боска откизгенше, еркекти(куйеулерин) солай истеуге мажбурлейтин - жартылай кошеде жаланаш журетин, куйеулеринсиз корпоротипке санденип баратын, ботен еркектермен кушактасып, суйисип амандасатын, тап-тар шалбар киип алатын, куйеулерине багынгысы келмейтин айелдерди соттандар, сонда Жаратканнан молырак сауап аласындар. Оларды соттау аз, тас боранмен аткыласандар, олардын жаннатка баруларына комектесесиндер.
    Ал еркекти корласандар Жаратканнын кахарына ушырайсындар... Кешириндер!
    7 жыл бұрын
Мұрағат