Әулие Валентин күнін тойлауға тыйым салды
Әулие Валентин күнін тойлауға тыйым салды
7 жыл бұрын 4731 islam.kz-ке сілтеме көрсетілуі міндетті көшіріп жариялаған жағдайда

Исламабад қаласының жоғарғы соты Пәкістан аумағында Әулие Валентин күнін тойлауға тыйым салды. Бұл жайында "Express Tribunа" мерзімді басылымы хаба таратты.  Аталған басылымның дерегіне сүйенсек, бұл үкім мұсылман дәстүріне сай еместігін айтып, оған тыйым салуды сұраған авторлардың петициясын қарағаннан кейін шыққан. Билік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне аталмыш мерекені жарнамалауға тыйым салды. Католиктер мен протестанттар жыл сайын ақпан айының 14-і күні Әулие Валентин күнін Ғашықтар мерекесі ретінде тойлайды. Бір қынжылтатыны, асыл дінімізге жат, халқымыздың салт-дәстүріне қайшы аталмыш күнді жастарымыз, міне, бірнеше жылдың жүзі болды, мерекелеп келеді. Осы "мерекенің" кесірінен, жаза басып, жүкті боп қалып жатқан қарындастарымыз зина жасап, бір, түсік жасатып, екі күнәға бататыны да жасырын емес. Бізге де осындай бір тыйымның керек болып тұрғанын айта кету керек. 

1 пікір
  • Әрқайсымыз бала-шағамызды қадағаласақ, бұл мәселенің түйіні оңай шешілер Алла қаласа. Елімізде Исламды берік ұстанатын, иманы мығым мұсылмандар көбейген сайын бұл "мереке" де өз-өзінен жоғалып кетер.
    7 жыл бұрын
Мұрағат