2020 жылдан бастап онлайн-кассаны пайдалануға толық көшеміз
2020 жылдан бастап онлайн-кассаны пайдалануға толық көшеміз
5 жыл бұрын 2003 7kun.kz Гүлдана Қазтай

Қазақстанда 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық төлеушілердің онлайн-бақылау-кассалық машиналарын қолдануға толық көшуі жоспарлануда, деп хабарлады Қаржы бірінші вице-министрі Берік Шолпанқұлов.

«2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап онлайн-бақылау-кассалық машиналарды қолдануға жаппай көшу рейдтік тексерулерден қашықтағы салықтық бақылау жүргізуге көшуге алып келеді», — деді Шолпанқұлов.

Қаржы вице-министрі жаңа аппараттарды сатып алудың қажеті жоқ, ведомствода ескі үлгілермен жұмыс істеуге дайын екенін атап өтті.

«Оларда (кассалық аппараттар) кейбір техникалық мүмкіндіктерде жұмыс істеуге мүмкіндік бар, оны қарау керек. Егер салық төлеушілер оны қабылдаса, әрине, біз ескі үлгілермен жұмыс істеуге дайынбыз», — деп түсіндірді Шолпанқұлов.

Ол ведомство осы жобаны енгізуден жақсы нәтиже күтетінін атап өтті.

«Бірінші нәтиже-жергілікті жерлерде салықтық тексерулер болмайды. Біз барлық ақпаратты онлайн-режимде алатын боламыз, оны (салық төлеуші) декларациялармен, айналымдармен және төлеумен салыстырамыз. Қашықтан камералық бақылау болады», — деп түсіндірді Шолпанқұлов.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 2019 жылдың 1 сәуірінен бастап Қазақстанда кезең-кезеңімен деректерді онлайн-берумен бақылау-касса машиналарын (БКМ) қолдануға толық көшу жүзеге асырылады.

2019 жыл ішінде тоқсан сайынғы негізде (2019 жылғы 1 сәуірден бастап, 1 шілдеден және 1 қазаннан бастап) онлайн-БКМ қолдануға 633 қызмет түрі ауыстырылады. Онлайн-бақылау-кассалық машиналарын қолдануға қойылатын талаптар жалпыға қол жетімді телекоммуникация желілері жоқ аймақтарда жұмыс істейтін салық төлеушілерге қолданылмайды.

0 пікір
Мұрағат