Тұтыну кәрзеңкесін ерлер мен әйелдерге бөлек есептеуді ұсынды
Тұтыну кәрзеңкесін ерлер мен әйелдерге бөлек есептеуді ұсынды
5 жыл бұрын 2094 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ресейлік «Известия» ақпарат көзі таратқан хабарға қарағанда, РФ-ның тұтыну кәрзеңкеісінің құрамы ерлер мен әйелдерге және балаларға (жас ерекшелігін ескере отырып) бөлек есептелуі керек. Федералды тағам және биотехнология ұйымы билікке осындай ұсыныс білдіріп отыр. Сонда ғана тұтыну үшін есептелетін қаржылық әділдікке қол жеткізуге болады деп есептейді. Ғалымдар гендерлік азық-түлік жиынын әзірлеген болатын. Аталмыш ұйымның ұсынған құжатында 16-65 жастағы ерлерге, 16-60 жастағы әйелдерге, зейнеткерлерге, 1-3 жастағы, 4-6 жастағы және 7-15 жастағы балаларға бөлек қарастыру айтылған. Бұдан бөлек, аяғы ауыр, бала емізетін әйелдер, бір жасқа дейінгі балалар үшін де тұтыну кәрзеңкесі бөлек болуы тиіс деп отыр. Тұтыну кәрзеңкесінің жаңа құрамының нұсқасында маргарин мен йодталған тұз, микро және макронутриентпен байытылған нан мен сүт, сондай-ақ, дәруменді-минералды кешен кездеспейді. Ерлердің тұтыну кәрзеңкесі әйелдердікіне қарағанда шамамен 14 пайызға қымбатқа түскен.

0 пікір
Мұрағат