Әлемнің 25 елінен пластик қоқысты импорттайтын ел
Әлемнің 25 елінен пластик қоқысты импорттайтын ел
5 жыл бұрын 2034 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Pandit Deendayal Upadhyay Smriti Manch (PDUSM) ұйымының таяуда жүргізген зерттеу нәтижесіне қарағанда, Үндістан өзге елдерден жылына 121 мың тонна пластик қоқысты импорттайды екен. Соның ішінде, Пәкістан мен Бангладештен ең көп импорттайтын болып шықты – шамамен 55 мың тонна. PDUSM келтірген мәлімет бойынша аталған елге әлемнің 25 елі пластик қоқысты экспорттайды: АҚШ пен еуропа елдерінен бөлек Таяу Шығыс мемлекеттері де Үндістанға тау-төбе қоршаған ортаға қауіпті пластик қоқысты жөнелтеді. «Джагран» деп аталатын үнділердің ақпарат көзі таратқан хабарда өңжеу саласында жұмыс істейтін компаниялар пластик қоқысты ұсақталған түрінде импорттайды. Жергілікті пластиктерді өңдегеннен гөрі осылай өңдеген тиімді. Сол себепті, пластик қоқысты шетелден алдырады.

0 пікір
Мұрағат