2017 жылы саудаға шығарылатын мемлекеттік меншіктегі нысандар
2017 жылы саудаға шығарылатын мемлекеттік меншіктегі нысандар
7 жыл бұрын 2139 inform.kz Руслан Ғаббасов

2017 жылы инвесторлар үшін қызығушылық тудырады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары Ғалымжан Ыбырайымов мәлім етті.

«Үстіміздегі жыл инвесторлар үшін тартымды болады деп ойлаймын. Биыл біз топ-65 нысандарын сатудың белсенді сатысына өтеміз. 2017 жылы бұл ірі нысандар тізімнен сатылымға 17-сі  қойылады. Сонымен қатар біз 264 нысанды саудаға шығаратын боламыз. Мұнымен қоса, өткен жылы мемлекеттік меншіктегі нысандарды түгендеу нәтижесі бойынша қосымша 105 нысан анықталды және олар сатылым жоспарына енгізіледі»,-деді Ғ. Ыбырайымов.

Ағымдағы жылға жоспарланған ірі насандар арасында «Апаттар медицинасының темір жол госпитальдары» АҚ, «СК-Фармация» ЖШС, «Қазмедтех» АҚ, «Ұлттық ғылыми медициналық орталық», «Астана қонақ үйі» АҚ, «Еуро-Азия Эйр» әуе компаниясы, «Қазтеміртранс» АҚ,  «АSTANA SOLAR» ЖШС, «KAZAKHSTAN SOLAR SILICON» ЖШС, «КАУСТИК» АҚ және өзге де компаниялар бар. 

0 пікір
Мұрағат