Ыстамбұлда латынамерикалық мұсылмандар жетекшілерінің алғашқы жиыны өтті
Ыстамбұлда латынамерикалық мұсылмандар жетекшілерінің алғашқы жиыны өтті
9 жыл бұрын 3171

Жуырда Ыстамбұл шаһарында Латын Америка елдеріндегі мұсылман жетекшілерінің «Дәстүріміз бен болашақты құрайық» деген атпен жиын өтті. Айтулы жиынға Латын Америка құрлығындағы 40 елден 76 делегат алыстан ат арытып келді. Саммиттың шымылдығы қасиетті Құран аяттарымен ашылды. Осыдан соң құрметті меймандарды Түркияның дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Мехмет Гермез құттықтап сөз сөйлегеннен кейін бүгінгі таңда әлем мұсылмандарының басындағы түйткілді мәселелерге кеңінен тоқталды. Ол жиынның мақсатын былай түсіндірді: осынау басқосу діни білім беру саласындағы тәжірибе алмасуға, тарихи әрі мәдени қарым-қатынасты жандандыруға ықпал етіп, мұсылман елдері арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға серпін беруі тиіс. 

0 пікір
Мұрағат