БҰҰ: Әлем елдерінде мұнай мен газдан үлкен апат болады
БҰҰ: Әлем елдерінде мұнай мен газдан үлкен апат болады
9 жыл бұрын 3246

Біріккен Ұлттар Ұйымы әлем елдерін осы ғасырдың аяғында, яғни 2100 жылы пайдалы қазбалардан бас тартуға үндеді. Әлем елдері БҰҰ-ның бұл үндеуіне құлақ аспаса, атмосфераға бөлінген парникті газдардан жер бетінде алапат апат орын алады. Және бұл апаттың бетін қайтару мүмкін болмай қалады. БҰҰ баяндамасында айтылғандай, жаһандық жылынуды тоқтату үшін 2050 жылға қарай ауаға тарайтын көмірқышқыл газдың мөлшерін азайту керек. Егер алдағы 85 жылдың ішінде көмірқышқыл газды залалсыздандыратын технология табылмаса, онда адамзат пайдалы қазбалардан электр энергиясын өндіруді тоқтатуы тиіс. Мұндай технология бар болғанымен оны пайдалану қып-қызыл шығын. Сарапшылардың айтуынша, баламалы энергия көздерін пайдалану тек электрмен қамтамасыз етуде қиындық туындап қана қоймай, сонымен қатар, оны құны қымбаттап, әлем экономикасының кері кетуіне себепкер болады. Бүгінгі таңда қалпына келетін энегрия көздері (мәселен, жел станциясы) энергиямен ұдайы қатамасыз ете алмайды, яғни, сенімсіз. Сарапшылар пайдалы қазбалардан өндірілетін энергия көздерінен бірден емес, біртіндеп бас тарту керектігін алға тартып отыр. Келесі жылы Париж қаласында әлемдік державалардың көшбасшылары климаттық өзгерістерге қарсы күрес шараларын талқылайтын болады. Баяндама авторлары өзгерген қоршаған ортаға бейімделу үшін тағам рационын өзгертуді де ұсыныпты. Мәселен, қатал климатқа төзімді дәнді-дақылдарды көптеп себу, өсімдіктерді көптеп өсіру, т.б.  

0 пікір
Мұрағат