Иран мұсылман елдерінің ортақ нарығын қалыптастыруды қалайды
Иран мұсылман елдерінің ортақ нарығын қалыптастыруды қалайды
9 жыл бұрын 2936

Иранның өнеркәсіп, кен және сауда министрі Мұхаммед Реза Нематзадех мұсылман елдерінің ортақ нарығын қалыптастыру турасында ұсыныс білдірді. Ол бұл ұсынысын Иорданияның Амман қаласында өткен инвестицияны және экспорттық несиені сақтандыру жөніндегі ислам корпорациясының халықаралық конференциясында айтты. Министрдің айтуынша, барлық кедергі мен қиыншылықтарға қарамастан мұндай нарық құрылатын болса, мұсылман елдері арасындағы сауда айналымы артады. «Ислам елдері құрлықта 25 пайыз жерді алып жатыр, олардың әлемдік сауда айналымындағы үлесі 12 пайызды құрайды. Энергиялық ресурстар мен көміртектің көбісі мұсылман елдерінде», - деп мәлімдеді. Сондай-ақ, ол мұсылман елдерінің сыртқы сауда саласындағы ережелері мен тарифтерін үйлестіру бағытында жұмыс істеуі керектігін алға тартты. Бүгінгі таңда мұндай келісім тек Иран, Түркия және Пәкістан арасында ғана бекітілген.

0 пікір
Мұрағат