Қарағандылық бойжеткен үйінің алдынан көше кітапханасын ашты (видео)
Қарағандылық бойжеткен үйінің алдынан көше кітапханасын ашты (видео)
8 жыл бұрын 2492 24.kz

«Кітап керек болса алып оқы, керек болмаса сыйға бер». Осындай ұранмен қарағандылық Карина Загидуллина үйінің алдынан көше кітапханасын ашты. Бойжеткеннің бұл ойын көршілер мен бүлдіршіндер қуана қолдады. Милания Торас, қала тұрғыны: - Бос уақытында телефонға телміргенше кез-келген адам қолына кітап алғаны жөн. Бұрындары детектив жанрындағы кітаптарды сүйіп оқитынмын, енді классикаға қызыға бастадым. Қазір Кішкентай ханзада» кітабын оқып жатырмын. Бұл үйде 100-ге жуық отбасы тұрады. Олардың дені кітап оқығанды ұнатады. Көше кітапханасы арқылы үнемі кітап алмасып жатқандар да жетерлік. Мұнда түрлі жанрлардағы шығармалар жинақаталған. Арасында мектеп оқулықтары да бар. Ауладағы кітап сөрелеріне өзге де көршілес үйлердің тұрғындары да қызуғышылық танытуда. Карина Загидуллина, қала тұрғыны: - Алған кітапты өзіңізге қалдыруға не қайтарып беруге болады. Қатып қалған қағида жоқ. Мұндай ой еуропалықтардың арқасында туындады. Оларда көше кітапханалары өте көп. Менің бұл ойымды құптайтындар болса, онда ісімнің зая кетпегені деп білер едім. Бәлкім, біреулер шабыттанып, кітапты көбірек оқуға құлшынар.

 

0 пікір
Мұрағат