Н.Назарбаев Мысырда діни білім алатын жастарды қолдау керектігін айтты (видео)
Н.Назарбаев Мысырда діни білім алатын жастарды қолдау керектігін айтты (видео)
8 жыл бұрын 3054

Қазақстан мен Мысыр арасында мәдени байланыс дами түспек.  

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

- Бұрында да Мысырдың жастары Қазақстан университетінде оқып, білім алатын. Біздің де жастарымыз, әсіресе қазіргі уақытта дұрыс бағыттағы Ислам білімін алуға Әл-Азхар университетіне жіберіп отыр. Сонымен қатар исламафобияның таралуына, дініміздің терроризм мен жиһадтық байланыстарға қарсы күш-жігер жұмылдыруға біз талап білдіріп отырмыз. Бірге шара қолданатын боламыз. 

Әбдел Фаттах Ас-Сиси, Египет Араб Республикасының Президенті

- Осы кездесуде мүдделеріміз ортақ екендігіне тағы бір рет көз жеткіздім. Бұл біздердің бірлесе табысты жұмыс жасауымызға негіз болады. Қазақстан мен Египет қарым-қатынасының болашағы зор. Мені шақыртқаныңызға алғыс айтқым келеді. Ерекше қонақжайлықтарыңызға риза болдым.

Айтпақшы, алдағы айда Қазақстан мен Египет арасындағы әуе қатынасы қайтадан қалпына келтірілуі мүмкін. Бұл туралы Азаматтық авиация комитетінде хабарлады. 

Естеріңізде болса, өткен жылдың қазан айында Египеттен ұшқан ресейлік жолаушылар ұшағы апатқа ұшырағаннан кейін екі ел арасындағы авиақатынас тоқтатылған еді. 

1 пікір
Мұрағат