Намаз хэштегі: Тіршілік құлшылық үшін жаралған (ФОТО)
Намаз хэштегі: Тіршілік құлшылық үшін жаралған (ФОТО)
8 жыл бұрын 3831 ummet.kz

#placesyoullpray хэштегі әлем мұсылмандарын біріктіріп, жер әлемнің әр нүктесіндегі ғажап әсер қалдыратын құлшылық сәттерін паш етті.

Он мыңдаған мұсылман өз Instagram парақшаларында жеке және жамағат болып заманауи компания кеңсесінен бастап, Амазонканың қалың орманында орындалған намаз жайында фото-есеп жасады.

Жаратқанға құлшылық хэштегі тек мұсылман қауымына арналмаған. Мұнда өзге де адамдар қандай жағдайда болса да мұсылмандардың Аллаға мінәжат ету үшін таңғажайып жерлер мен уақытты таба алатынына көз жеткізе алады.  Қар басқан таулар, шөлейтті дала, теңіз жағалауы – табиғаттың сан қырлы ғажап жері мұсылман халқы үшін құлшылыққа құшақ ашады. Әртүрлі жас ерекшеліктері бар сан ұлттардан тұратын әлем мұсылмандары осы арқылы ислам дінінің кеңдігін көрсетуді мақсат етті.

6 пікір
  • Тамаша! Керемет! Мен бір деректі фильм көргем. Сонда айтылады, жер жаһанда азан 24 сағат бойы айтылып, 24 сағат намаз оқылып жатады екен. Аса Рақымды, ерекше Мейірімді Алла мен оның Ардақты Елшісінің аты әлемде 24 сағат бойы тоқталмай айтылып жатады екен. Және ол Қиямет күніне дейін жалғасса керек!
    8 жыл бұрын
    • Ләйлә сәлем!!! Қандай деректі фильм? маған да айтшы, көріп көрейін
      8 жыл бұрын
  • Сәлеметсің бе, Айсұлу. https://youtu.be/WZW_q_KcL24 название "Азан звучит 24 часа в сутки во всем мире без перерыва"
    8 жыл бұрын
  • Ютабтан осылай жазсаң, шыға келеді, ИншаАлла!
    8 жыл бұрын
  • Қандай керемет!
    8 жыл бұрын
Мұрағат