Шартарап: Әлемдегі ең бақытсыз ел анықталды
Шартарап: Әлемдегі ең бақытсыз ел анықталды
8 жыл бұрын 2272 inform.kz 24.kz gulfnews.com

Әлемдегі ең бақытсыз ел болып Бурунди, ең бақытты ретінде - Дания танылды. БҰҰ тапсырысымен Sustainable Development Solutions Network компаниясы өткізген World Happiness Report Update 2016 зерттеуінің нәтижесі осыған дәлел, деп хабарлады Lenta.ru.

Дания бірінші орыннан бақыт дәрежесі бойынша өткен жылғы лидер- Швейцарияны екінші орынға ығыстырды. Тұрмысы жақсы елдердің ондығына  (бақыт деңгейінің кемуі реті бойынша): Исландия, Норвегия, Финляндия, Канада, Нидерланды, Жаңа Зеландия, Австралия, Швеция енді.

Бурунди рейтингтің соңғы 157-ші орнында,  оның алдында: Сирия, Того, Ауғанстан және Бенин (156-ші - 153-ші орында) бар.

БАӘ билігі найзағай мен топан судың суретін ғаламторда жариялауға тыйым салды

Біріккен Араб Әмірліктерінің билігі жаңа заң шығарды. Енді тұрғындардың араб жерінде соққан найзағай мен мұндағы топан судың суретін әлеуметтік желіге жариялауына болмайды, деп хабарлайды The Independent. Ал бұл заңнан аттағандар киберқылмыс жасау бабы бойынша жауапқа тартылып, бас бостандығынан айырылуы немесе 272 мың доллар көлемінде айыппұл төлеуі мүмкін. Жалпы билік елге көптеп келетін туристер көзінше Біріккен Араб Әмірліктерінің имиджіне нұқсан келмеу үшін осындай шешім қабылдаған. Естеріңізге сала кетсек, осы айдың басында қолайсыз ауа райы салдарынан Әмірліктер аумағын топан су басып, жұрт мұны суретке түсіріп, әлеуметтік желіге жаппай жариялады.

Ғалымдар сұйық кристалды және сенсорлық экрандар жасаудың тың әдісін ойлап тапты

Польшада ғалымдар сұйық кристалды және сенсорлық экрандар жасаудың жаңа тәсілін ойлап тапты. Оған аса қымбат әрі тапшы индий металы қосылмайды. Ғалымдардың айтуынша бұл әдіс өндіріске кететін шығындар көлемін азайтады. Технология сондай-ақ өзге салаларда да қолданыс табуы мүмкін. Мәселен, терезе өндірушілер оның көмегімен әйнектерді дисплейге түрлендіріп, кейіннен электр қуатын алу үшін пайдалануға болады. Бұл әдіске биомедицина саласының өкілдері үлкен қызығушылық танытып отыр. Жалпы сұйық кристалды және сенсорлық экрандарды жасаудың жаңа тәсілінде индий қалайы тотығының орнына күміс немесе мыстың өте жіңішке талшықтары қолданылады. Алдағы уақытта оның қалыңдығын бір микрометрден де жұқа ету жоспарда бар. Филип Гранек, ғалым: - Біз өткізгіштің өте жұқа қабатын жағу әдісін ойлап таптық. Ол адам шашының қалыңдығынан 100 есе жұқа. Жаңа технологияның арқасында заттың беті одан да мөлдір бола түседі. Сондай-ақ оның индий қалайы тотығына қарағанда өткізгіштігі де жоғары болмақ.

0 пікір
Мұрағат