Islam.kz порталы – екінші жыл қатарынан жүлдегер!
Islam.kz порталы – екінші жыл қатарынан жүлдегер!
8 жыл бұрын 14490

Күні кеше, яғни 26 қараша күні Алматыда «AWARD.kz» Ұлттық интернет-премиясының марапаттауы өтіп, islam.kz ұлттық, рухани-ағарту порталы «Масс-медиа» номинациясы бойынша екінші орын жүлдегері атанды. Бірінші орын бар болғаны 0,4 ұпаймен алға шыққан today.kz жаңалықтар порталына бұйырса, үшінші орынға Radio NS табан тіреді.

Қазақстандағы интернеттің дамуына үлес қосу мақсатымен құрылған «AWARD.kz» Ұлттық интернет-премиясы 2002 жылдан бері үздіктерді 13 номинация бойынша марапаттап келеді. Алғашқы жылдары байқауға қатысқан сайттардың саны саусақпен санарлық болса, биыл 708 үміткер өтініш білдіріп, оның арасынан 137 сайт пен 10 мобильді бағдарлама ғана келесі айналымға өткен. Финал еліміздегі ең үздік сайттардың арасында болды. Қазақстандағы алпауыт бұқаралық ақпарат құралдары қатысқан қазақ және орыс тілдеріндегі сайттардың арасынан діни порталдың осындай жүлдеге ие болуы бүкіл мұсылмандар үшін қуанарлық жағдай. 

2014 жылы дәл осы премия бойынша, islam.kz порталының «мемлекеттік тілдегі ең үздік сайт» номинациясын жеңіп алғанын оқырман қауым жақсы біледі. Порталдың ақпарат айдынына қосылып, ашылғанына бір жарым жыл ғана өтсе де, «жыл үздігі» атанып, жүлделі орындардан көрініп, мыңдаған тұрақты оқырмандарын қалыптастыруын үлкен жетістік деп білеміз. Әрине, бұл жеңісте тек портал қызметкерлерінің ғана емес, islam.kz-тің оқырмандары мен блогшыларының да үлкен үлесі бар. Сондықтан ұжым атынан барлығыңызға алғыс білдіріп, ортақ жеңісімізбен құттықтаймыз!

13 пікір
Мұрағат