Ел іші: Алматыда нанның ішінен бірнеше қоңыз шықты (видео)
Ел іші: Алматыда нанның ішінен бірнеше қоңыз шықты (видео)
8 жыл бұрын 4678

Алматы тұрғындары сатып алған нандарының арасынан бес жәндікті тауып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 20 қарашада болған, алматылық Балнұр Пірәлі қала маңында тұратын құрбысының үйіне қонаққа барған. "Дастархан басында әңгімелесіп отырып, бір минут ойға шомып кеттім және көзім жартылай кесілген нанға түсті. Онда түсініксіз қара дақтар болды. Біз оны қарап, шұқығаннан кейін қоңыздар екенін түсіндік. Біз бір наннан бес жәндікті алып шықтық, нан орамаға оралған болатын", - деді ол.

Нанның Алматының орталығындағы супермаркеттердің бірінде сатып алынғаны анықталды. Дайындалған уақыты ретінде 19 қараша көрсетілген. "Түсінбеймін, ол жерге қоңыздар қайдан келген, бесеуі бірдей. Біз ешқайда шағымданған жоқпыз, нанды кейін лақтыра салдық. Өкінішке қарай, чек те жоқ, сақтамаппыз. Мұндайға жол бермеу үшін өндіруші компания жағдайды реттеуі тиіс", - деді қыз. 

Осыған ұқсас оқиға бұған дейін Астанада болды. Елордалық тұрғыны нанның ішінен шеге тауып алды. Нан "Әнуар" дүкенінен сатып алынған. Алайда кәсіпорынның коммерциялық директоры шегенің нанның ішінде болуы мүмкін емес екенін айтты.  

 

Астана тұрғыны нанның ішінен шеге тауып алды

Елордалық тұрғын нанның ішінен шеге тауып алды, - деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі. Ол әкімдік сайтындағы "Халықтық бақылау" айдарына өз шағымын қалдырған.

"Әнуар" дүкенінен нан сатып алдық. Үйде дастархан жайған кезде нанның ішінен шеге шықты. Түбіртекпен алып дүкенге бардық. Кәсіпорынның көрсетілген мекенжайға хабарластық. Шара қабылдауларыңызды сұраймыз!", - деп жазды Камила Ғайнутдинова. Ол нанның және қаптаманың суретін жолдады.

Дегенмен екі күн өткен соң ол қателікпен басқа нанның қаптамасын салып жібергенін айтты. Олардың мекенжайы: Дулатов көшесі, 191. Шағым жазғанда мен екі бірдей нан алдым деп ойладым, кейін түбіртектен екеуі екі түрлі екенін байқадым. "Сапа нан" компаниясының бұған еш қатысы жоқ", - деді ол.

Tengrinews.kz редакциясы шағымданушы жазған мекенжайға хабарласты. Кәсіпорынның коммерциялық директоры шегенің нанның ішінде болуы мүмкін емес екенін айтты.

"Біз технологтармен және басқа да мамандармен шұғыл жиын өткіздік. Бізде ұн тартатын аппарат бар, ол жерден ештеңе шығуы мүмкін емес, екінші процесс - әр нанның формасына сәйкес қамырды бөлу. Ол жерде де шеге түсіп кетуі мүмкін емес", - деді "Елордалық нан" ЖШС коммерциялық директоры Әбдірахым Төлендиев.

Ол нандардың қаптамаға салып жеткізілетінін, онда барлық мекенжай көрсетілгенін айтты. "Егер бірдеңе дұрыс болмаса ол бірден бізге хабарласа алар еді. Онда уақыты 24 қараша деп көрсетілген, бүгін 27-сі. Ол әлі де хабарласқан жоқ. Біз тек қаптамадағы нандарды жеткіземіз", - деді Төлендиев. Ол дүкенге "Елордалық наннан" басқа тағы екі компанияның нан жеткізетінін айтты.

"Технолог біздің нанды тексеріп көрді. Ұнның түсі қоңыр, ал кеуектері әртүрлі. Біз тұтынушылармен тікелей байланысамыз, мәселе туындаса олар хабарласар еді", - деді коммерциялық директор.

Бұл суретті өндірушілер сөздеріне дәлел ретінде жіберді.

Айта кетейік, Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті шағымға 30 қарашада жауап беруге уәде етті.

0 пікір
Мұрағат