ИСЛАМ ДІНІНІҢ ЕҢ АЛҒАШҚЫ МЕШІТІН ІШІНЕН КӨРГІҢІЗ КЕЛСЕ (ФОТО)
ИСЛАМ ДІНІНІҢ ЕҢ АЛҒАШҚЫ МЕШІТІН ІШІНЕН КӨРГІҢІЗ КЕЛСЕ (ФОТО)
7 жыл бұрын 8679 muftyat.kz

Адамзат баласын тура жолға шақырған Ислам діні келгеннен кейінгі салынған ең алғашқы құлшылық ордасы – Құба мешіті. Құба мешітінің құрылысына Пайғамбардың (с.ғ.с.) қолы тиген.

Ибн Омардың (р.а.): «Әбу Хузайфаның қызметшісі Сәлим Құба мешітінде алғашқы мұхажирлер пен Пайғамбар сахабаларына имам боп намаз оқитын. Сахабалар ішінде Әбу Бәкір, Омар, Әбу Сәләма, Зайд және Амир бин Рабиға болатын», – деген риуаяты бар.+

Құба мешітінің Пайғамбар (с.ғ.с.) жүрегінде ерекше орны болғандығын Абдулла бин Омар (р.а.): «Алла Елшісі (с.ғ.с.) Құба мешітіне көлікпен немесе жаяу келіп, екі рәкағат намаз оқитын», – деп жеткізеді.

Пайғамбарын (с.ғ.с.) ерекше ардақтаған мұсылман үмбеті бұл мешітті қажеттілік туындаған кезде кеңейтіп, көркейтіп отырған. Бүгінде Құба мешіті – нұрлы Мадина шаһарының ең көрнекті орындарының бірі. Мадина қаласына Пайғамбар мешітін зиярат етіп келген мұсылмандар Құба мешітінде намаз оқып шығуды игі дәстүрге айналдырған.

Побывайте внутри самой первой мечети в истории

0 пікір
Мұрағат