Қырғызстан ЕЭО Кедендік кодексіне қол қоюдан бас тартты
Қырғызстан ЕЭО Кедендік кодексіне қол қоюдан бас тартты
7 жыл бұрын 2555 qamshy.kz

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Петербургте өткен Еуразиялық экономикалық одақтың саммиті қорытындысы бойынша ұйымның Кедендік кодексі мен сауда саттықты дамыту мәлімдемесіне қол қоюдан бас тартты. Бұл жөнінде Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Тигран Саркисян мәлімдеді. Петербургтегі саммитте бес ел ортақ құжатқа қол қоюуы көзделген. Белоруссия президенті Александр Лукашенко саммитке келмеді. Еуразиялық экономикалық одаққа – Армения, Белоруссия, Ресей, Қазақстан және Қырғызстан кіреді. Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісімдер Ұйымының саммитінде бас хатшыны тағайындауы қажет еді. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Белоруссия президентінің ЕЭО пен ҰҚКҰ саммиттерінде болмауы интеграцияға қатысты сұрақтарды талқылауға еш кедергісін келтірмейді деген еді. Песков, қол қойылуы керек құжаттар белорустік серіктестермен келісілгенін жеткізді. Оның сөзінше, құжаттар Лукашенкоға жіберіледі.

0 пікір
Мұрағат