Қатесін түсінген ұлы әкесінен қалай кешірім сұрады? (видео)
Қатесін түсінген ұлы әкесінен қалай кешірім сұрады? (видео)
7 жыл бұрын 7225

Өткен жұмада катарлық премьер-лигиа болды. Жасыл алаңда аш-Шахания мен әл-Хор футбол клубтарының арасында жұрттың назарына өзіне аударған оқыс оқиға орын алды. Әл-Хордың құрамында өнер көрсететін бразилиялық легионер Веллинтон Соуз аш-Шаханыидің  қорғаушысы Мұханнад Аднандмен сөзге келіп қалады. Осы ерегесте бразилиялық легионер арашаға түскен аш-Шаханидің қақпашысы Халифа әл-Досаридің анасына тіл тигізеді. Қақпашы да қарап қалмай, сол жерде легионерге жұдырық ала жүгіреді. Осы кезде жасыл алаңға шыққан қақпашының әкесі ұлын сабырға шақырып, әкелік ақылын айтады. Халифа да әкесінің аяғынан сүйіп, өзінің қызбалыққа салынып, ағат кеткеніне өкініш білдіреді. Әлеуметтік желі қолданушылары Халифаның әкесіне деген құрметіне  риза болып, лебіздерін жаудырып жатыр. 

0 пікір
Мұрағат