Сарапшылар мұсылмандарға қолайлы туристік бағыттарды атады
Сарапшылар мұсылмандарға қолайлы туристік бағыттарды атады
7 жыл бұрын 2635 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Танымал Mastercard-Crescentrating талдау агенттігі кезекті Global Muslim Travel Index рейтингісін тізді. Аталған реитингте Ислам ынтымақтастық ұйымына мүше 130 елдің танымалдық деңгейі көрініс тапқан. Бұл реитингте әдеттегідей Малайзия көш бастаса, екінші орынған Біріккен Араб Әмірлігі табан тіреген. 2016 жылдың есебіне сәйкес 121 мұсылман турист атанған, яғни, саяхаттауға шыққан. Бұл көрсеткіш әлемдегі туристердің 10 пайызын құрайды. Айта кетейік, соңғы жылдары мұсылман елдерінен туристер тарту үшін мұсылман емес мемлекеттер шариғат талаптарына бейімделуде. Сондай елдердің арасында Сингапур алдыңғы орынға шықса, екінші орыннан Таиланд көрінген. Ал үшінші орынға Ұлыбритания жайғасқан, алғашқы бестікте Оңтүстік Африка Республикасы және Гонконг бар. 

0 пікір
Мұрағат