Аян Жұмашев Шешенстан президентінің кеңесшісі болып қызмет атқарады
Аян Жұмашев Шешенстан президентінің кеңесшісі болып қызмет атқарады
2 жыл бұрын 1718 tengrinews.kz

Қазақстандық азамат Аян Жұмашев Шешенстан Республикасының президенті Рамазан Қадыровпен әлеуметтік желі арқылы сөйлескен екен. Содан Аян Шешенстанға барып, Қадыровпен бетпе-бет кездесіп, өзінің жоспарлары туралы баяндап береді. Аянның бұл пайдалы жоспарлары Рамазан Қадыровтың көңілінен шыққан болу керек, оған кеңесші болып қызмет етуге ұсыныс жасайды. Бұған Аян бірден келіседі. Сонымен қазір Аян Жұмашев Шешенстанның мемлекет басшысының кеңесшісі болып қызмет атқаруда.

Ол өз қызметінде білім мәселелерімен айналысады. Ресейге кетпес бұрын Жұмашев кішкентай балалардың тәрбиесі туралы кітап жазған. Ол өз еңбегін Қадыровқа сыйға тартты. "Ол кітапты ашып оқыған жалғыз адам болар", - дейді Жұмашев.

Жұмашев Шешенстанда жастар тәрбиесі бағдарламасын дамытуға атсалысады, ол мектеп оқушыларымен жұмыс істейді. Бағдарламаға мектеп оқушыларының ұйымдастыру қабілетін дамыту, оларды авторлық жобаларды құруға баулу кіреді. Аян Жұмашевтің айтуынша, мектеп жасында авторлық жобаларын іске асырған балалардан университеттерге резерв дайындалады. "Ұзақ уақыт бойы мен мектеп оқушыларымен кездестім, дәрістер өткіздім, тапсырмалар бердім, олардың әрекеттеріне қарадым, қазіргі уақытта біз бұл идеяны Шешенстан Республикасындағы барлық мектепте іске асыратын боламыз", - деді қазақстандық өзіне Рамазан Қадыров жүктеген міндеттер жайында.

0 пікір