ОҚО-да голландық раушандар мен пальма өсіріледі
ОҚО-да голландық раушандар мен пальма өсіріледі
2 жыл бұрын 1171 baq.kz

Саңырауқұлақтар өсетін жылыжай жыл бойы үзбей өнім береді. Жылыжай иесінің де көздегені осы. Сондай-ақ бұл жерде көздің жауын алатын голландық раушандардың түр-түрі өсіріледі.

Жылыжай кешенінде лимон да өсіріліп келеді. Бірақ ол тек жылыжай аумағында ғана жеміс береді. Ал жергілікті ауа райына бейімделген пальмаларды мұндағы әр үйдің бақшасынан көруге болады. Алдымен жылыжайда өсіріліп, пальмалар ашық жерге отырғызылады. 5 гектар жерді алып отырған жылыжай кешеніне мемлекет тарапынан айтарлықтай көмек көрсетілуде.

Мухтар Өсербаев, Төлеби ауданының кәсіпкерлік бөлімінің жетекшісі:

-Жылыжай кешеніне мемлекеттік бағдарлама бойынша субсидия беріліп отыр. Жылына екі рет өнім алатын болса, республикалық бюджеттен бір гектарға 5 миллион субсидия төленеді.

Жергілікті билік «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы бойынша жылыжайға апаратын тас жол салып, көгілдір отынды жеткізді. Қазынадан бұл жұмыстарға 110 миллионов теңге бөлінген.

Наталья Седых, Жылыжай кешенінің директоры:

-Осы субсидиялар арқасында бюджетімізді үнемдеп отырмыз. Жеңілдіктерді пайдалана отырып, жоспарды ұлғайтуды көздейміз. Қазір бізде 13 жылыжай құрылысы жүріп жатыр.

Үнемделген қаражат жеміс-жидек бағын өсіруге септігін тигізді. Қазір бақта алма, алмұрт және айва өсуде. Сонымен қатар сән үшін егілетін ағаштар, аққайын, шаған, көгілдір шыршалар мен боз арша жақсы тамырланып өскен. Қазір шаруашылық мемлекеттік қолдаудың арқасында кеңейтіліп жатыр.

0 пікір