Израил діндары Мысыр президентінен неге көмек сұрап отыр?
Израил діндары Мысыр президентінен неге көмек сұрап отыр?
2 жыл бұрын 1875

Израилдегі Ортодокс Йаһудилердің танымал көшбасшыларының бірі Хахам Амнон Итжак Мысырда қанды қырғын жасаған Абдулфаттах Сисиден жәрдем тілеп: «Құтқар бізді Сиси! Израил құрып барады!», – деді. Хахам Израил әскерінің Хамастың мың-ақ шақты әскеріне қарсы соғысамын деп жойылып бара жатқандығын айтып отыр.

Бірнеше күн бұрын жарияланған видеосында ол: «Израилдің жеңілісінен кейін, қаншама мың әскерінің Хамастың алдында дәрменсіздік танытып қашуларынан кейін, Американың Катар үшін Израилге жәрдем беруден бас тартуынан кейін йаһудилерге Сисиден жәрдем тілеуден басқа шара да, таңдау да қалмады», – дейді.

Сондай-ақ ол: «Мұнша әлеуетімізге, күшімізге қарамастан қалайша Хамасты жер бетінен жойып жібере алмай отырмыз? Себебі, әскеріміз қорқып қашып жатыр. Газада жеңіске қол жеткізерлік мүмкіндігіміз бола тұра, жеңе алмай отырмыз. Өйткені, олар үнемі күтпеген жерден шабуылдар жасап жатыр», – деп отыр.

Хахам сөз ортасында Хамастың әскери технологиясы расында ілгері дамып кеткенін тілге тиек етті. Газада 2 шақырымнан әрі өте алмаған Израил әскерінің қорқақтығын сынаған ол 1967 жылғы маусымдағы 6 күндік соғыста қол жетізген Израил әскерінің жеңісі бір мұғжиза болғанын айтады. «Содан соң 1973 жылғы қазандағы жеңілісінен кейін Израил еш жеңіске жеткен емес, жете алмады да. Жағдай барған сайын нашарлап барады. Тек біз оны түсінбейміз», – дейді ол.

Оның айтуынша, Израил әскері Алланың азабын тартуда. «Әйтпесе, қалайша бір ғана зеңбірек мыңдаған әскерді қаштыртып, жер астын паналауға себеп болып отыр? Жартастарға тығылып, қорқыныштан бақыруда, жылауда», – деп ашуға мініп отыр йаһудилердің пірадары.

Ол Израил әскерінің қауқарсыздығына, қорқақтығына налуда. «Израилдің Газадағы жеңілісі Қияметтің келгендігінің белгісі» деп есептейді ол. «Бұдан кейін «Мәсіхті» күте беруімізге болады. Ақырзаманға келе жатырмыз. Бұл соғыста Ираннан, Хизбулладан, Сириядан сөз етіп отырған жоқпыз. Біз тек қана мың шақты ғана әскері бар Хамасты тілге тиек етіп отырмыз. Соның өзіндегі халіміз осыншалық», – деген ол әлемге күлкі болып отырғандығын мәлімдеуде. Сол себепті Мысыр президенті Сисиден жәрдем тілеуден басқа шара қалмағандығын айтты.  

0 пікір