«Аспаннан адам жауған күн» (видео)
«Аспаннан адам жауған күн» (видео)
2 жыл бұрын 2162

Қытаййда көрген адамның жанын түршіктіретін қайғылы оқиға орын алды. Нақтырақ айтқанда, аса ірі жол-көлік апатынан он адам опат болған. Көліктердің қатты соғысқанынан адамдар биік магистралдан төмен құлдилаған. Бұл көріністі куәгерлердің бірі дереу түсіріп алып, ғаламторға орналастырған екен. Қытайдың Шэньчжэнь Баоань халықаралық әуежайына келген адам бірінші қабатта тұрып, терезеден көргендерін телефонына түсіріп алған. Құлаған адамдардың бесеуі сол жерде тіл тартпай кеткен, қалған төртеуі ауруханаға жатқызылды. Тағы бесеуі ауыр жарақат алған. Қызық болғанда, осы апатқа кінәлі әйел жүргізушінің өзі зардап шекпеген. Қазіргі уақытта оны тәртіп сақшылары тергеп жатыр. Оның кінәсін жеңілдететін бір-ақ жайт бар: зардап шеккендердің түгелі дерлік жолды кесіп өтпек болғандар екен. Олар ұшақтардың ұшып-қонуын фотоға түсіріп аламыз деп жүріп, өздеріне құйын-перен жақындап қалған автокөлікті байқамаған.

0 пікір