Жедел жәрдемнің мамандары науқасты көлікке сүйреп апарған (видео)
Жедел жәрдемнің мамандары науқасты көлікке сүйреп апарған (видео)
9 жыл бұрын 3703

Жедел жәрдем мамандары подъезде ес-түссіз жатқан ер адамды жермен сүйреп, машинаға ұрып-соғып кіргізген.

Олардың бұл әрекеті туралы «Алаш айнасы» ақпарат көзі vesti.ru сайтына сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Бұл оқиға ақпанның 27-сі күні болған. Көпқабатты үйлердің бірінде ес-түссіз жатқан ер адамды көрген тұрғындар жедел медициналық жәрдемді шақырды. Сол жерге келген медиктер бригадасы 29 жастағы Денис Колпиковтың тірі екеніне көз жеткізгеннен кейін оны екі жақтан алып, жермен сүйреп әкеткен. Алдымен лифтке сүйреп апарса, одан кейін бетон баспалдақпен далаға алып шықты. Денесі суық асфалтьқа тиген кезде ол қозғала бастады. Дәрігерлер болса, оны тұрғызамыз деп, тепкілеп, дымқыл шүберекпен ұрған. Дегенмен, Денис машинаға өз аяғымен міне алмады. Жедел жәрдемнің мамандары оны көтеріп кіргізіп, ауруханаға жеткенде қабылдау бөліміне тағы жермен сүйреп апарған. Ресейдің Санкт-Петербор қаласында жедел медициналық жәрдемнің мамандары подъезде ес-түссіз жатқан ер адамды жермен сүйреп, машинаға ұрып-соғып кіргізген.

0 пікір
Мұрағат