Араб каллиграфиясы – күйзеліске қарсы дәрі
Араб каллиграфиясы – күйзеліске қарсы дәрі
9 жыл бұрын 6158

Жарты ғұмырын сарп етіп, араб каллиграфиясының шебері атанған Исмет Кетен шәкірттеріне бар білгенін үйретіп келеді. Тек үйретіп қана қоймай, осынау өнер түрінің күйзелістен құтқаратын қасиетін тілге тиек етіп, ақыл-кеңесін айтып тұрады.  Каллиграфияның адам жанына тыныштық сыйлап, күйбең тірліктің сүреңсіздігінен қалай құтқаратынын «АА» ақпарат көзінің тілшісіне айтып берген екен. «Адамдар күні бойы сыртқы факторлардың әсеріне ұшырап, жұмыстан шаршап-шалдығады. Бұл өз кезегінде адамның миына салмақ түсіріп, жүйкесін қажайды. Осының кесірінен болмасыз нәрселер үшін адамдардың көңілін қалдыруымыз мүмкін. Себебі түсінікті: ақыл-ойдың қажуы және күйзеліс»,- деген ол сөзін ары жалғап: «Мен әлемнің көп жерінде  көрмемді аштым. Менің еңбектеріме қатардағы қарапайым адамдармен қатар мемлекет басшылары да тамашалады. Каллиграфиямен шұғылданғандар қолына қалам алған адам үшін әлем демін ішіне алып, уақыт бір сәт тоқтап қалғандай күйді кешетінін біледі. Өйткені, араб каллиграфиясы адамның қиялына қанат бітіріп, шабытын шыңдайды. Өзімді мысалға келтірер болсам, Анкара қаласында күні бойы талай шаруаның басын қайырған соң шеберханама кіремін. Осы іске көп уақыт бөлген сайын күйзелістен арылып, шаршағаным басылады. Төңірегімде тыныштық орнайды»,- деді ол ағынан ақтарылып. Біз сөз етіп отырған кейіпкердің қаламынан туған дүниелері елімізде, Әзірбайжан,  Германия, Австрия, Италия, Оман, Малайзия, Индонезия, АҚШ, Австралия, Швеция, Сингапур, Түркіменстан, Қытай, Қырғызстан, Сирия, Сауд Арабиясында жұртшылықтың назарына ұсынылған болатын. 

0 пікір
Мұрағат