Палестинадағы валюта айырбастау «пунктері» несімен ерекшеленеді?
Палестинадағы валюта айырбастау «пунктері» несімен ерекшеленеді?
9 жыл бұрын 2891

Палестинадағы валюта айырбастау «пунктері» валютасын банк бөлімшелерінен немесе арнайы жабдықталған орындарда айырбастауға дағдыланған дамыған елдердің тұрғындарын таңқалдырар еді. Бұл елде валюта оқ өтпейтін әйнегі, валюта сақтайтын сейфі, кассасы жоқ ашық далада сатыла береді. Мұндағы валюта айырбастаушылардың жайма базардағы көдедей көп саудагерлерден еш айырмашылығы жоқ. Алдында валюта салынған тартпасы бар үстелі мен астындағы орындығынан басқа ештеңесі жоқ валюта сатушыны ешкім тонамайды да. IslamNews ақпарат көзінің тілшісіне Ахмет Амро есімді Хеврон қаласындағы валюта сатушы өзінің осы кәсіпті серік еткеніне табаны күректей 15 жыл өткенін және осы уақыт аралығында бірде-бір тонау немесе ұрлау оқиғасының орын алмағанын жеткізді. Мұның сырын ол былайша түсіндірді: кез келген араб елдеріндегі секілді бұл елде де ресми қабылданған заңның қатаң талаптарынан бөлек, ислам құндылықтарына негізделген ұлттық салт-дәстүр және әлеуметтік жауапкершілік күшті. «Ұрлық түбі – қорлық» екенін, кісі ақысын жеудің үлкен күнә екенін білетін жергілікті тұрғындар менталитетінен бейхабар жан олардың бұл валюта айырбастауға қатысты тәжірибесін жабайылыққа балары сөзссіз. Бір адамның жасаған қылмысының жазасынан оның отбасы да аман қалмайды. Тіпті, алыс туыстары да жауапкершілікке тартылады.

0 пікір
Мұрағат