ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕР ЖАСӨСПІРІМДЕР ҮШІН ҚАУІПТІ БОЛЫП ТАНЫЛДЫ
ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕР ЖАСӨСПІРІМДЕР ҮШІН ҚАУІПТІ БОЛЫП ТАНЫЛДЫ
9 жыл бұрын 7118

Әлеуметтік желілерді көп қолданатын жасөспірімдердің ұйқысыздық, күйзеліс және мазасыздану сияқты жағымсыз салдарға душар болуы мүмкін. Мұндай шешімді арнайы зерттеу жүргізген ағылшын ғалымдары жасап отыр, – деп хабарлайды MedicalNewsToday. Глазго университетінің қызметкерлері доктор Хизер Клиланд Вудс пен Холли Скотт зерттеу кезінде әлеуметтік желілерді белсенді түрде пайдаланудың денсаулыққа қалай әсер ететінін білу мақсатында 470 жасөспірімге сауалнама жүргізген. Экспериментке қатысушылардан күні бойы және ұйқы алдында қаншалықты жиі кіретіні сұралды. Сонымен қатар, олардан онлайнда болуға деген ынтасы және Интернетке кіре алмаған жағдайдағы жайсыздығы жайлы мәселе сұралды.Кәмелетке толмағандардан сауалнама алған ғалымдар олардың онлайн-байланысқа қаншалықты көп көңіл-күйін арнайты нболса, ұйқысыздық ауруына шалдығу деңгейінің өсетінін, өзіне-өзі көңілі толмаушылығын, күйзеліс пен мазасыздыққа ұшырайтынын анықтады. Көбінде мұндай белгілер Facebook, Twitter, Tumblr, Pinterest, InstagramжәнеYoutube сияқты сайттардың қолданушыларында табылған.Ғалымдар жасаған бұл шешімнің ата-аналарды ойландыруы керек екенін айтады.

0 пікір
Мұрағат