Газдалған сусын қатерлі ауруларға алып келеді
Газдалған сусын қатерлі ауруларға алып келеді
9 жыл бұрын 7885 Baq.kz

Газдалған сусынның денсаулыққа зияны туралы бұған дейін де талай айтылған болатын. Алайда бұл жолы ғалымдар тиянақты тәжірибе жүргізіп, адамның өмір сүру ұзақтығын анықтайтын хромосомаларды зерттеуге бел буды. Бұл хромосома аймағын - теломер деп атайды. Оның ұзындығы адамның қалай тез қартайып бара жатқанын көрсетеді. Сараптама барысында 5000 адамнан қан алынған. Олардың басым көпшілігінің теломерлері қысқа болып, газдалған сусындарды көп тұтынатындығы анықталды.

Газды сусын тұтынған адамдар мен темекі тартатын адамдардың өмір сүру ұзақтығы бірдей деген болжам да бар. Өйткені газды су тек қана ағза клеткаларын қартайтып қоймай, сонымен қатар жүрек ауруларына, қатерлі ісікке, диабетке шалдықтырады. Сондай-ақ, кез келген газдалған сусын құрамында көмірқышқылы газ кездеседі. Ол сусынның ұзақ сақталуына ықпал етеді. Мұндай сусындар асқазан секрециясының қабынуына, ішек сөлінің пайда болуына, созылып, ішек ауруларының пайда болуына әсер етеді. Гастрит, ішек жарасы және т.б. асқазан ауруына шалдыққан жандар газдалған сусын орнына қарапайым қара су ішкен дұрыс дейді мамандар. Себебі судың адам денсаулығына пайдасы мол.

Бүгінгі таңда шырындарға қосылатын химиялық қоспалар мен мөлшерден тыс қант ағзамызға кері әсерін тигізуі әбден мүмкін. Америка Құрама Штаттарының ғалымдары бұл сусындарды жасауға пайдаланатын карамельдің негізінде жасалған бояғыштар қатерлі ісіктің дамуына себеп болатындығын анықтады. Атап айтқанда, бұл қоспалар өкпе - бауырдың, қалқанша бездің қатерлі ісігіне және лейкомияға әкеліп соқтыратын көрінеді.

0 пікір
Мұрағат