Вирусты аулап, залалсыздандыратын нанокапсула жасалды
Вирусты аулап, залалсыздандыратын нанокапсула жасалды
2 жыл бұрын 1843 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Elena-Marie Willner / DietzLab / TUM

Мюнхен техникалық университетінің (Германия)  пәнаралық зерттеу тобы вирусты жұтып, залалсыздандыратын нанокапсула жасады. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Nature Materials мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Нанобөлшектер генетикалық материалдан ДНҚ -оригами әдісі бойынша жасалған және гепатит пен адено-ассоциирленген вирустарға қарсы сәтті сынақтан өтті. Нанокапсулаларды жасау үшін геометриялық принциптер қолданылды, соған сәйкес вирустардың ақуыз қабықшалары құрастырылады. Осылайша вирустық бөлшектердің мөлшеріндей қуыс денелер алынды. Нанобөлшектермен вирустарды ұстау үшін зерттеушілер үшбұрышты ДНҚ пластинкаларынан капсула құрастырды. Мұндай пластиналар үлкенірек заттарды жинап, құра алуы үшін олардың жиектері сәл қисық етіп жасалды. Үшбұрыштардың шеттеріндегі бекіту нүктелерін өзгерту арқылы ғалымдар жабық қуыс шарларды ғана емес, сонымен қатар, саңылаулары немесе жарты қабықшалары бар шарларды жасай алған. Ғалымдар нанокапсуланың ішкі бетіне вирусты байланыстыратын антиденелерді орналастырып, аулаудың жоғары тиімділігіне қол жеткізді. Дене сұйықтықтарындағы ДНҚ бөлшектерінің жылдам ыдырауын болдырмау үшін ғалымдар дайын құрылыс компоненттерін ультракүлгін сәулемен сәулелендіріп, полиэтиленгликолмен және олиголизинмен өңдеді. Осылайша, бөлшектер тәжірибе жасалған тышқан сарысуында 24 сағат бойы тұрақтылы танытқан. Төрт антидене молекуласын қосқанда байланыстыру тиімділігі 80 пайызға жеткен. Ғалымдар антиденелер санының ұлғаюымен тиімділікті жүз пайызға дейін арттыруға болады деп санайды.

0 пікір
Мұрағат