WhatsApp негізін қалаған адам израилдік ұйымға 2 млн доллар көмек көрсетті
WhatsApp негізін қалаған адам израилдік ұйымға 2 млн доллар көмек көрсетті
2 жыл бұрын 1555 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Әлемге әйгілі WhatsApp менеджерінің негізін қалаған Йиан Кум Қоғаммен байланыс жөніндегі америка-израил комитетіне (AIPAC) 2 млн доллар қаражат аударып, жәрдем көрсетті. Бұл жайында islam.kz порталы golosislama.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Миллиардер болғанына қарамастан Калифорнияда қарапайым өмір сүретін Йиан Кумның дәулеті "Гаарец" (израилдік ұйым) есебі бойынша бүгінгі таңда 9,8 – 13,7 млрд доллар арасында бағаланып отыр. WhatsApp-ты ойлап тауып, оны Facebook-ке сату арқылы табыс тапқан 46 жастағы зейнеткер кәсіпкер жасөспірім кезінде посткеңестік Украинадан анасымен бірге Калифорнияның солтүстігіне көшіп келді, ол жерде жас кезінде бағдарламалауды үйренді. Йиан Кумның отбасы қоры соңғы жылдары еврейлер мен израилдіктердің мүддесі үшін қайырымдылық шараларын арттырып келеді. Йиан Кум қоры қаржы аударатын ұйымдар  қатарында «Ир Дәуіт», АҚШ-тың шығыс Құдыстағы араб аудандарына еврейлерді қоныстандыратын оңшыл үкіметтік емес ұйым Еладтың қаржы жинайтын бөлімшесі кіреді. Ол, сонымен қатар, колледж кампустарында Израильге қарсы көңіл-күймен күресеміз деп мәлімдеген Maccabee Task Force Foundation қорына 600 000 доллар аударған. 2019 жылдан 2020 жылға дейін Йиан Кум АҚШ, Шығыс Еуропа және Израилде жұмыс істейтін еврейлердің 70-ке жуық үкіметтік емес ұйымына 140 миллион доллар сыйға тартқан екен.

0 пікір
Мұрағат