Иммундық жүйенің бактерияны қалай жоятыны таспаға тартып алынды (видео)
Иммундық жүйенің бактерияны қалай жоятыны таспаға тартып алынды (видео)
2 жыл бұрын 2152 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Лондонның университеттік колледжінің мамандары иммундық жүйенің бактерияны қалай жоятынын бейнелейтін анимацияны әзірледі. Бұл жайында islam.kz порталы sneg.tv ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған жоғарғы оу орнының ғалымдары бұл жобасында иммундық жасушалардың организмге жат бөгде микроорганизмдерге шабуылын сипаттаған. Иммундық жүйенің жасушалары бактерияны жою үшін оның құрылымын бұзатын арнайы молекуланы пайдаланады. Ғалымдардың алдыңғы жұмысы тірі бактериялардың иммундық жүйенің әсерінен зардап шегетінін көрсетті. Олардың қабырғаларынан иммундық жүйе жасаған «оқ тесігі» табылған. Саңылаулар өте кішкентай (10 нанометрге дейін) болғанына қарамастан, осының өзі патогендердің көпшілігін залалсыздандыру үшін жеткілікті. Бұл бағыттағы зерттеу барысында сарапшылар  бактериядағы «өлім саңылаулары» бір молекуланың - мембраналық шабуыл кешенінің (MAC) арқасында пайда болғанын анықтады. Бактерияны тесу үшін бірдей ақуыздың 18 көшірмесі қажет. Бастапқыда бактерияның бетіне енетін бір ғана көшірме болады. Одан кейін ақуыздың басқа көшірмелері тез қосылады. Мұнда ең маңыздысы – алғашқы молекуланың енуі, егер ол сәтті енсе, процесс ойдағыдай жүзеге асады. Таяуда мамандар бұл процесті таспаға тартып алған екен. Ол үшін ғалымдар нанометрлік кеңейтумен атомдық күшті микроскопияны қолданды, бұл жайт өз кезегінде иммундық жүйені түсіруге мүмкіндік берген. «Камера» бетіндегі молекулаларды сезінуге арналған ұшының ені бірнеше нанометр болатын инеден тұрады. Кескінді алу үшін ине бетті бірнеше рет сканерлейді.

 

0 пікір
Мұрағат