Өмір рецепторының құпиясы ашылды
Өмір рецепторының құпиясы ашылды
2 жыл бұрын 2014 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Қанның діңгекті жасушаларының қалыптасу кезеңдерін бақылауға көмектесетін зерттеу қан ауруларын емдеуде төңкеріс жасауға мүмкіндік бермек. Бұл жайында islam.kz порталы cursorinfo.co.il ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Адам өмірінің негізі болып табылатын қан түпкілікті зерттелген емес. Ол ол ма, ғалымдарға қанның пайда болу тетігі де әлі күнге беймәлім. Ройтлингентегі табиғи ғылым және медицина институтының (Германия) ғалымдары Калифорния университетіндегі әріптестерімен бірігіп, қан құрамындағы діңгекті жасушалар генерациясының құпиясын ашты. Бұл тарапта адам эмбрионының қанындағы діңгекті жасушалардың пайда болу процесінің әрбір қадамын шешкен ғалымдар графикпен диаграмма құрады. Тюбиненг жоғарғы оқу орнының профессоры Катя Шенке-Лейландтың айтуынша, аталмыш кесте (график) гематологияда төңкеріс жасай алады. Бұл жаңалықтың ең басты құндылығы лейкемия (аққан ауруы, яғни, қанның қатерлі ісігі) мен қанның өзге де ауруларын тиімді емдеуге көмектеседі. Тіпті, донор болмаған немесе табылмаған жағдайда қан жасушаларын алмастыра алады. Бұрын ғалымдар бұл бағытта қанды алмастыратын қанның қысқа мерзімді пішіндерін генерациялау әдісін тапқан болатын. Калифорния университетінің профессоры Ханна Микколаның сөзіне қарағанда, бұрын ешкім адамның плюрипотентті діңгекті жасушаларынан функционалды діңгекті жасушаларды өндіру бойынша сәтті тәжірибелер жүргізген емес, өйткені, бұл жасушалар туралы жеткілікті білім болмады. Ғалымдар діңгекті жасушалардың дамуы қан тамырларының қабырғаларынан - гемогендік эндотелийден басталатынын дәлелдеді. Содан кейін олар бірнеше кезеңдерден өтіп, эндотелийден, аорта бойымен және одан әрі сүйек кемігіне қарай орналасуын өзгертеді, бұл кезде олар дамып, бауырда бөліну фазасын бастайды.

Зерттеу нәтижесі қанның діңгекті жасушаларын қалыптастыру алгоритмі ретінде алға шығады, оны осы жасушалардың генерациясына нұсқаулық ретінде санауға болады.

0 пікір
Мұрағат