Ғалымдар адамның функциялы қан жасушаларын алуға қол жеткізді
Ғалымдар адамның функциялы қан жасушаларын алуға қол жеткізді
2 жыл бұрын 1593 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Алынған қан үлгісін өсіруге әрі түрлі қан жасушаларына саралауға (айналдыруға) болады. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материлы жарияланған Stem Cell Reports мезімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Таяуда Қытай ғылым академиясының (CAS) Гуанжоу биомедицина дәне денсаулық сақтау институтының (GIBH) ғалымдары адамның плюрипотентті діңгекті жасушаларымен түраралық химеризмді зерттеуде жаңа жетістіктерге жетті. Дәлірегі, қытай ғалымдары бұл тарапта түраралық химеризм технлогиясының көмегімен адамның функциялы қан жасушаларын алуға көмектесетін күшейтілген адамның адамның плюрипотентті діңгекті жасушаларын алғаш рет әзірледі. Оқырмана түсінікті болу үшін осы орайда «химеризм» медициналық терминіне аз-кем тоқтала кетуді жөн көрдік: бір организмде генетикалық тұрғыдан түрлі жасушалардың болуын айтады. Қазіргі уақытта көптеген ғалымдар адамның плюрипотентті діңгекті жасушалары бар түралық химеризмді пайдалана отырып, адамның функциялы жасушаларын, тінін немесе ірі жануарлардың ағзаларын алуды көздейді. Ғалымдар осылайша ағзаның немесе тіннің донор тапшылығын шешуге бел буып отыр. Дегенмен, адамның плюрипотентті діңгекті жасушалары  бар түраралық химеризм осы маңызды жасушалардың өте төмен химерикалық үлесіне байланысты үлкен кедергілерге тап болып отыр. Бұл бағыттағы зерттеу барысында ғалымдар түраралық эмбриондардағы адамның плюрипотентті діңгекті жасушаларының жылдам апоптозы (апоптоз дегеніміз – генетикалық тұрғыдан бағдарланған (программаланған) жасуша өлімінің белсенді түрі) негізінде сол кісінің бойындағы діңгекті жасушалардың жеткіліксіз өсуімен әрі бәсекелестіктің болмауымен байланысты екенін көз жеткізген болатын. Жаңа MYCN факторы апоптозға қарсы BCL2 генімен үйлесімде адамның плюрипотентті діңгекті жасушаларының апоптозын тиімді жолмен еңсереді және химеризмнің қалыптасуына айтарлықтай үлес қосады.

0 пікір
Мұрағат