Ғалымдар майлы тағамның неліктен қатерлі ісікке шалдықтыратынын анықтады
Ғалымдар майлы тағамның неліктен қатерлі ісікке шалдықтыратынын анықтады
8 жыл бұрын 3930 tengrinews.kz

Ғалымдар майлы тағамның неліктен қатерлі ісік ауруына шалдықтыратынын анықтады, - деп хабарлайды РИА Новости.

АҚШ-тағы Массачусетс технологиялық институтының ғалымы Омер Илмаздың айтуынша, майлы тағам бағаналық жасушалардың метоболизмін бұзып қана қоймай, оны өзгертіп жібереді. "Май бағаналық жасушаның кейбір қасиеттерін өзгертіп, қатерлі ісіктің пайда болуына әкеледі", - деді ол.

Ғалымдардың айтуынша, соңғы жылдары жүргізілген зерттеулер майды аз жейтіндерге қарағанда оны көп тұтынатындардың тік ішектегі қатерлі ісік ауруына жиі шалдығатынын көрсетіп жүр.

Айта кетейік, мамандар обырдың барлық түрі бағаналық жасушадағы мутацияның өзгеруінен пайда болатынын айтып отыр.

1 пікір
  • Енді.... Мен сияқты абориген қазаққа майлы тамақ жеме десе... Әй, қайдам! Ет жемесем болмайды-ау ?
    8 жыл бұрын
Мұрағат