7 жастағы қыз ауру атасы мен әжесіне көмектесу үшін анасына ерген жоқ
7 жастағы қыз ауру атасы мен әжесіне көмектесу үшін анасына ерген жоқ
8 жыл бұрын 4945 ansar.ru

Қытайдың Хубэй провинциясында Ией Мяомяо есімді 7 жастағы бүлдіршін қыз ауру атасы мен әжесіне қолғабыс ету үшін өзге қалаға көшкен анасына еруден бас тартты.  Ией мектеп келген соң қуыршақпен ойнамайды немесе үй тапсырмасына отырмайды, бітпейтін үй шаруасымен айналысады: кір жуады, ас пісіреді, бау-бақшаға қарайда, т.б. Ол тамақ дайындау үшін табуреткаға шығуына тура келеді, өйткені, оның бойы плитаға жетпейді. Өткен жылы оның әкесі автокөлік апатынан қайтыс болған, ал анасы өзге қалаға көшпек болады. Алайда, Ией ауру атасы мен әжесін ойлап, анасына еруден бас тартады. Иейдің әжесі жүйке сырқатына шалдыққан. Ал атасы сирек кездесетін тері дертінен азап шегіп келеді. Олар өзгелердің көмегінсіз өмір сүре алмас еді. Жылдан жылға ауру меңдеген қарттардың халі мүшкіл. Бұқаралық ақпарат құралдарында Иейдің басындағы жағдай жария болған соң қайырымды оқырмандар оған 840 доллар жинап берді.

 

2 пікір
  • Мемлекет қарауына алса байғұс қызға көмек болар еді қайта.
    Ақылды балапан.
    8 жыл бұрын
  • Ой, балапан сол! Кіп-кішкентай боп, жүрегінің таудайын қарашы! Қазақтар "Құдай есіркесін" деген сөз бар ғой. Құдай есіркесін!
    8 жыл бұрын
Мұрағат