Араб елінде үздік бітірген шетелдік студент түлектерге «алтын виза» беріледі
Араб елінде үздік бітірген шетелдік студент түлектерге «алтын виза» беріледі
15 күн бұрын 359 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Біріккен Араб Әмірлігі ел дамуының негізгі факторы – білікті мамандар тартуды жүйелі жүзеге асырып келеді. Осыған байланысты аталған араб еліндегі қандай да бір жоғарғы оқу орнын үздік тәмамдаған шетелдік студент түлектерге (егер ол осы елде қалуға өтініш берсе) ел аумағында 5 немесе 10 жыл қалуғға мүмкіндік беретін «алтын визаны» рәсімдейді. Бұл жайында islam.kz порталы Khaleej Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.

  • БАӘ үкімет порталының мәліметі бойынша, университеттің үздік студенттеріне 10 жылдық алтын виза берілуі мүмкін, егер:
  • оқу орнын бітіргеннен бері 2 жылдан артық емес уақыт болса;
  • Білім министрлігінің нұсқасына сәйкес шетеллікк студент білім алған университет А немесе В деген рейтингке ие болуы тиіс;
  • Үміткер университеттен ұсыныс хатты, университетті бітіргені туралы куәлікті немесе оның орташа балл жинағы (CGPA) А класындағы университеттер үшін кемінде 3,5 және В класындағы университеттер үшін кемінде 3,8 екенін растайтын академиялық транскрипт ұсынады.

Осы елдегі шетелдік жоғары оқу орындарының түлектеріне де 10 жыл мерзімге «алтын» виза берілуі мүмкін, егер:

  • университетті бітіргені туралы аттестат Білім министрлігі тарапынан танылған болса;
  • оқу орнын бітіргеннен бері 2 жылдан артық емес уақыт өтсе;
  • Білім министрлігі мойындаған рейтинг жүйесі бойынша университет әлемнің үздік 100 университетінің қатарына кірсе;
  • Бітірушінің жиынтық орташа баллы кемінде 3,5-ті құраса.

Жоғары сынып оқушылары да 5 жылдық алтын визаны алуға құқылы, егер:

  • шәкірт ұлттық деңгейде үздік оқу орындарының қатарында болса (мемлекеттік немесе жеке орта мектепте 95% кем дегенде);
  • студентке Білім министрлігінен ұсыныс хат берілсе;
  • Виза 5 жыл мерзімге беріледі, егер шәкірт 5 жылдан астам оқу мерзімін талап ететін мамандықтардың біріне түскен жағдайда ұзартылуы мүмкін.

Алтын визаға Amer қызмет көрсету орталығында, GDRFA қолданбасыме немесе оның веб-сайты арқылы онлайн режимінде немесе Тұтынушылар бақыты орталықтарында өтініш бере алады.

0 пікір
Мұрағат