Бактериялардың антибиотикке төзімділігінің тағы бір құпиясын ашты
Бактериялардың антибиотикке төзімділігінің тағы бір құпиясын ашты
1 ай бұрын 312 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Michael Bihlmayer / Globallookpress.com

Ғалымдар бактериялардың дәріге төзімділігін қалыптастыруының тағы бір тетігін анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы npj Antimicrobials and Resistance мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тарапта білікті мамандар Escherichia coli (ішек таяқшасы) және Acinetobacter baumannii екі патогенді зерттеген екен. Ғалымдал бұл екеуіне бекер назар аударған жоқ, өйткені, аталған екі бактерия да бір ғана антибиотиктің әсерінен құтылу үшін бір-біріне ұқсамайтын екі түрлі тәсіл қолданған. Ғалымдар ДНҚ гиразасының  маңызды ферментін  тежейтін антибиотиктерге қатысты дәрілік төзімділікке екі бактерияның қалай ие болғанын бақылау үшін дамып келе жатқан дақылдардың тұтас геномдық ретін сақтай отырып, ұдайы өсіруге арналған құрылғыдағы тәжірибе түріндегі эволюцияны біріктіріп көрді. Аталмыш ферменттің белсенділігін басып тастау арқылы ДНҚ-ның синтезделу процесін бұзуға болады, бұл жайт өз кезегінде бактериялардың жойылуына жол ашады. Ципрофлоксацин деп аталатын антибиотик 1987 жылдан бері клиникалық тәжірибеде белсенді түрде қолданылып келеді, ал екіншісі - GP6 - тәжірибелік дәрі ретінде белгілі. Ципрофлоксацинге төзімділігі жүре пайда болған, яғни, уақыт өте келе пайда болған резистентті (төзімді) патогенді бактериялардың GP6 дәрісінің алдында дәрменсіздік таннытатыны анықталды. Бір қызығы, GP6-ға төзімділіктің эволюциясы ципрофлоксацинге төзімділікті тудырды. Яғни, GP6 дәрісіне төзімділігі қалыптасқан бактерия  ципрофлоксацинге де төзімді болады. Бұл нәтиже E. Coli (ішек таяқшасы) және A. Baumannii (Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы аса қауіпті үш супербактерияның бірі, ол менингит, пневмания, т.б. ауруларды тудырады) бактерияларының  ципрофлоксацин мен GP6 дәрісіне қарсы тұру үшін жалпы және бірегей тетіктерді қолданатынын көрсетіп берді.

0 пікір
Мұрағат