БҰҰ алғаш рет жасанды зерде туралы қарар қабылдады
БҰҰ алғаш рет жасанды зерде туралы қарар қабылдады
1 ай бұрын 263 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Әлем шапшаң дамып келе жатқан жасанды зерде дәуіріне аяқ басты. Аталмыш технологияның өмірдің балық саласында ұшан-теңіз пайдасы болғанымен оны қолдану аясын реттеу әрі бақылау күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелердің бірі. Бұл жайында islam.kz порталы hightech.fm ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.  Бұл тарапта Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен «Тұрақты дамуды қолдау үшін қауіпсіз және сенімді жасанды зерде жүйелерін пайдалану» қарары туралы ұсынысты демеуші 120 ел қолдады. Жасанды зерденің адам өмірі мен мүддесіне қайшы әрекетіне жол бермеу, адам құқығына жән демократиялық құндылықтарға қауіп төндірмеуі үшін мұндай құжатты қабылдаудың маңызы зор екендігі айтылған хабарда. Аталмыш құжатта зияткерлік меншік құқықтарын сақтаудың, жеке деректердің құпиялылығы мен қорғалуына кепілдік берудің, сондай-ақ, АІ жүйелерінің бүкіл өмірлік циклінде ашықтығын және сенімділігін қамтамасыз етудің маңыздылығы атап көрсетілген.

Ұқсас материал:

"Еуропа әлемде алғашқы болып жасанды зердені шектейтін заң қабылдады" (https://islam.kz/kk/news/alem/europa-alemde-algashqy-bolyp-jasandy-zerdeni-shekteitin-zan-qabyldady-19990/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат