Әйел үстіне әйел алудың денсаулыққа қатерлі екені анықталды
Әйел үстіне әйел алудың денсаулыққа қатерлі екені анықталды
2 жыл бұрын 3086

Әйел үстіне әйел алған ер-азаматтарда жүрек қан тамырлары тарылып, жүрек ишемиясына ұшырау қатері жоғары болатыны анықталды. Салыстырмалы түрде алғанда бұл дертке ұшырау қатері тек бір әйелмен шектелгендерге қарағанда көп әйелі бар ер-азаматтарда төрт есе жоғары болатыны анықталған. Араб ғалымы Амин Даулаһтың тұжырымы осындай. Ол бұл тұжырымын үстіміздегі жылдың сәуір айының 29-ы күні өткен Азия кардиологтарының конгресінде айтты. Есімі аталған саудиялық ғалымның сөзіне қарағанда, бұл дерттің пайда болуына ең алдымен психологиялық және қаржылық факторлар себеп болатын көрінеді. Өйткені, бірнеше әйелді, олардан өрбіген ұрпағын материалдық тұрғындан қамтамасыз ету, олардың көңілін табу үлкен күш-жігерді талап етеді. Ол Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірліктеріндегі ауруханалар мен емханаларда жүрегінде ақауы бар ер пациенттерді, нақтырақ айтқанда, 687 ер-азаматты тексерген екен. Тексеруден өткендердің орташа жасы – 59. Олардың 68%-ы тек бір әйелмен шектелген. Ал көп әйелі барларының тек бір әйелмен шектелгендерге қарағанда жүрек ишемиясына ұшырау қатері 4,6 есе жоғары болатынын анықтап білді. Дәрігер тек ер-азаматтармен ғана шектеліп қалмай, тоқалдыққа барған әйелдерді де зерттеуді мақсат етіп отыр.

11 пікір
  • Келіспеймін. Аллаһ Тағала пендесіне зиянды болған нәрсені жасауға рұқсат бермейді!
    2 жыл бұрын
  • абзалы, бір әйелмен шектелгені деген мағынада ескерту барын да ұмытпайық
    2 жыл бұрын
  • Әлбетте бір әйедмен шектелген абзал шығар, бірақ мұнда денсаулыққа қатерлі! деп тұрғой.
    2 жыл бұрын
  • басыңнан өткермегеннен кейін ештеңе дей алмайсың, мен де, сен де. және оны көрсетпей-ақ қойсын.
    2 жыл бұрын
  • Дорогия мужчины берите 4 женщин в жены, НО имейте денег достаточно для этого. 4 Дома постройте потом составьте наследство заранее, а то не Дай бог умрете и сделаете сразу 4 женщин вдовами, а детей сиротами. Все заранее организируйте а то с бухты барахты делать еще сердце инфаркт ишемия подхватит потом что? Умрешь сможешь ответить перед Аллахом каким ты был Мусульманином и смог ли ты научить религии своих детей??? Это ответственность не только на женщине лежит но и на ваших плечах тоже.
    2 жыл бұрын
  • Бір отбасына қарау мен екі отбасын асыраудың жүгі əрине ауыр. Проблемалары да неше есе артық болуы ықтимал. Алған əйелдеріне де байланысты. Бірақ міндетті түрде жүрек ауру болады дегенді нəтиже бермеуге тиіс.
    2 жыл бұрын
  • Куманды. Макала. Ислам. Кз. Ана жолы Тумар тагындар деп жазып еды. Аят жазылган кагазды суга езып ишындер деген сиякты......куманды сайт.
    2 жыл бұрын
    • Құрметті Даурен Тілек бауырым, сайт болған соң ақпарат беру міндетті, ақпараттың неше түрлісі болады. Алла бізге осы жақсы мен жаманның ара-жігін ажырататын ақыл-ес берді.
      Егер мақала ұнамаса аттап өтіп кете беріңіз. Өмірде барлығы жақсы бола бермейтінін бәріміз де білеміз. Ешкім сізді зорлап осы сайтқа отырғызып қойған жоқ. Пікір жазған екенсіз демек оқисыз деген сөз. Сіздің сөзіңіз су ішкен құдыққа түкіргенмен бірдей. Анығын Алла біледі.
      Артық кетсем кешіріңіз.
      2 жыл бұрын
    • Дәурен Тілек бауырым, сайтты күмәнді дегенше кардиологтың дәлелін күмәнді десеңіз дұрыс шығар. Әркімнің көңілін табамын деп не менің көңілімді тапсын деп 55 күйеуге шыққан мавританиялық әйел секілді сайт болғаннан гөрі адам көңілінде жүрген сұрақтарды ортаға салып талдайтын сайттың болғанына, пікір алаңының болғанына шүкіршілк еткеніміз абзал-ау. Егер сайт күмәнді болса, онда оны мемлекеттік қадағалау мекемесі әлдеқашан жабар еді "Авард"-тың Ислам.кз еңбегін бағалап Бас жүлдесін берместен. Алла сабыр берсін!
      2 жыл бұрын
  • Осындай ойлы оқырмандарымыздың болғанына шүкір. Мақаланың түрлі болатыны секілді оқырмандардың сан алуаны болады.
    2 жыл бұрын
  • "Тексерілген жүрегінде ақауы бар 687 адамның 68%-да 1-әйелі бар"яғни КЕРІСІНШЕ бір әйел алу зиянды болып тұрғой))дұрыс оқыңыз
    2 жыл бұрын