Аяқтарын егеуқұйрық кемірген тасбақаға дөңгелек орнатылды
Аяқтарын егеуқұйрық кемірген тасбақаға дөңгелек орнатылды
9 жыл бұрын 3735

Кеміргіштердің шабуылынан алдыңғы екі аяқтан айырылған тасбақа қазір дөңгелекпен жүр. Бұл жайында nur.kz ақпарат көзі хабар таратты.

Жаралы мақұлықты осындай ыңғайлы қозғалысқа оның иесінің инженер ұлы келтіріпті. Соның арқасында 90 жастағы Ханым Т атты тасбақа енді жүгрімесе де, бұрынғыдан тезірек жүретін болған, деп жазады lenta.ru.

Ал осыған дейін оны үйінің алдындағы көкорай шалғыннан тауып алған иесі Джуд Райдер біраз емдеп әлек болған екен.

Әйел тіпті тасбақаны ветеринарларға көрсетіп, олардың қызметіне 1 жарым мың доллар жұмсапты. Ақыры болмағасын, Джудтың 37 жастағы ұлы мәселені осындай техникалық жолмен шешіпті.

0 пікір
Мұрағат