Адамды қан тамырларына қарап танитын жүйе жасалды
Адамды қан тамырларына қарап танитын жүйе жасалды
5 жыл бұрын 3139 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Естеріңізде болса, адамды жүзінен, саусақ ізінен, даусынан, көзінің қарашығынан, жүріс-тұрысынан, қимыл-қозғалысынан, түр-тұлғасынан, тіпті, көлеңкесінен танитын жүйе туралы бірсыдырғы жазғанбыз. Соңғы рет адамды көлеңкесінен тану жүйесі жайында айтып өткенбіз («Адамды көлеңкесіне қарап танитын технология ойлап табылды» (сілтемесі: http://islam.kz/kk/news/gylym/adamdy-kolenkesine-qarap-tanityn-tehnologiya-oilap-tabyldy-12322/#gsc.tab=0), сондай-ақ, адамды тану технологиясын түрік ғалымы ойлап тапқанын да кезінде хабарлағанбыз («Адамның жүзін тану жүйесін түрік ғалымы ойлап тапқан» (сілтемесі: http://islam.kz/kk/news/gylym/adamnyn-juzin-tanu-juiesin-turik-galymy-oilap-tapqan-12251/#gsc.tab=0). Бұдан бөлек, адам құқығына құрметпен қарайтын батыс елдерінде, дәлірегі, АҚШ-та полицияға адамды тану жүйесін пайдалануға тыйым салғаны жөнінде де сөз қозғағанбыз («Әлемде тұңғыш рет полицияға адамды тану жүйесін пайдалануға тыйым салды» (сілтемесі: http://islam.kz/kk/news/alem/alemde-tungysh-ret-politsiyaga-adamdy-tanu-juiesin-paidalanuga-tyiym-saldy-11850/#gsc.tab=0). Мұның бәрін неге тәпіштеп айтып отырмыз? Адамды тану жүйесі жыл емес, ай емес, апта санап жетілдіріліп келеді. Енді адамды қолындағы қан тамырлары мен тері астындағы капиллярына қарап танитын технология жасалды. Қытай мамандары. Бұл жайында Zhongguo Xinwenwang ақпарат көзі хабар таратты. Аталмыш технология AirWave деп аталады және жасанды интеллекті арқылы жұмыс істейді. Ол әр адамның қайталанбайтын қан тамырлары мен каппиллярына қарап тануға негізделген. Адам аталмыш технология көмегімен өзінің сәйкестігін тексеру үшін қолын сермесе жетіп жатыр. Ол үш секунд ішінде миллиардтаған қолдардың ішінен дәл басып тани алады. Осы технологияны ойлап тапқан Melux компаниясының негізін қалаушы Се Цинлудың айтуынша, бұл жүйе көпшілік жиналатын қоғамдық орындарды қолданылатын болады. оның ішінде, қолма-қол ақшасыз есеп айырысу барысында қолданылуы мүмкін.

0 пікір
Мұрағат