Иранмен соғысқа ең алдымен АҚШ емес, тіпті, Израил де емес, басқа ел мүдделі
Иранмен соғысқа ең алдымен АҚШ емес, тіпті, Израил де емес, басқа ел мүдделі
1 ай бұрын 2058 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Иранмен соғысқа ең алдымен Саудия мүдделі. Саудия билігі АҚШ пен Израилдің Иранға майдан ашып, шиғалар елінің күл-талқаны шыққанын қалайды. Бұл жайында Ресейдің Бірінші арнасындағы «Уақыт көрсетеді» деп аталатын хабар қонағы болған Ресей ғылым академиясының шығыстану институтының аға ғылыми қызметкері Руслан Құрбанов мәлімдеді. Қыркүйек айының 17-сі күні эфирден. Оның айтуынша, Иран төңірегінде аса күрделі ойын жүріп жатыр. Неге Иран? Өйткені, аталған ел көптеген елдер үшін түрлі мақсатта керек. Мәселен, АҚШ Иранды араб түбегіндегі мұнай ресурсына бай, дәулеті шалқыған елдерді «екі тізгін, бір шылбырмен» ұстау үшін, яғни, арабтардың монархиялық елдерін үрей уысында ұстау үшін керек. Араб елдері АҚШ-тың қару саудасының көрігін қыздыру үшін. Саудия, Катар, Біріккен араб әмірлігі, Кувейт АҚШ-тың қару-жарағын молынан импорттайтын елдер санатынан. Аймақтағы басты бәсекелесінен құтылу үшін Саудия қаржысын да, басқа ресурсын да аямайды. Алайда, Иранға Иразилдің бір өзінің тісі батпайды, АҚШ-тың көмегінсіз Израил Иранға қарсы әскери операция жүргізе алмайды.

0 пікір
Мұрағат