Ғалымдар әлемдегі ең биік ағашты тапты
Ғалымдар әлемдегі ең биік ағашты тапты
5 жыл бұрын 2518

Ғылыми экспедиция биіктігі 88 метр болатын әлемдегі ең биік талды тапты және ол Гиннестер кітабына енді. Бұл туралы belnovosti.by хабарлады.

Бразилия, АҚШ және Ұлыбритания ғалымдарынан тұратын халықаралық зерттеу тобы Амазон ормандарынан биіктігі 88 метр болатын талды тапқан.

Оның нақты орналасқан жері Гвиан қақпасының маңы, ол жерде биік ағаштар өте көп өседі екен. Ғалымдардың айтуынша, әлемдегі биік ағаштардың 9% осы маңда орналасқан. Мұндай биік ағаштың біреуі өте көп мөлшерде оттегі бөлетін көрінеді.  

Ғалымдар ағаштың неліктен биік болып өскенін анықтамаған, алайда, олар жақсы экологиялық жағдай мен өнеркәсіп орындарынан қашықта орналасқандықтан биік болып өсуі мүмкін деген болжам жасауда.

0 пікір
Мұрағат