Түріктердің ұшқышсыз ұшатын аппараты дыбыстан жылдам зымырандарды ату сынағынан сүрінбей өтті (видео)
Түріктердің ұшқышсыз ұшатын аппараты дыбыстан жылдам зымырандарды ату сынағынан сүрінбей өтті (видео)
1 ай бұрын 437 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Түркияның «Байрақтар Ақынжы» ұшқышсыз ұшатын аппараты Roketsan компаниясы құрастырған, дыбысстан жылдам UAV-122 зымыранын ату сынағынан сүрінбей өтті. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Roketsan компаниясының бас директоры Мұрат Ықынжының Х (бұрынғы Твиттер) әлеуметтік желісіндегі жазбасына жөн сілтеген түріктердің бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ал Trend дерек көзінің хабарына қарағанда, Түріктердің жаңа оқтұмсығының тактикалық және техникалық сипаттамалары туралы мәлімет аз: UAV-122 зымыраны жоғары дәлдіктегі қару; оның ауыспалы ұшу жолы бар, маневр жасау қабілеті жоғары. Хабарламада оқтұмсықтың нақты қуаты туралы айтылмаған - басқа сипаттамалар сияқты бұл деректер құпия.

 

0 пікір
Мұрағат