Он жылдан соң әлемде әйелдер санының азаятыны айтылды
Он жылдан соң әлемде әйелдер санының азаятыны айтылды
1 ай бұрын 389 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар алдағы 10 жылда күллі әлем бойынша дүниеге келетін қыздар қарасы 4,7 млн-ға азаятынын алға тартып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде BMJ мерзімді басылымына жөн сілтеген cursorinfo.co.il ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдардың айтуынша, бұл құбылыс ұл балаға артықшылық берумен байланысты, дәлірегі, ұл баланы артық көретін жаңсақ көзқараспен байланысты. Бұл бағытта халықаралық деңгейде жасақталған ғалымдар тобы соңғы 50 жылда туған 3 млрд баланың деректерін сараптамадан өткізген екен. Атап айтқанда, зерттеушілер 1970 жылдан бері ерлер мен әйелдердің арақатынасы ұлғайған 12 елдің, сондай-ақ, әлеуметтік немесе мәдени тенденциялар арқылы арақатынасы артуы мүмкін 17 елдің туу көрсеткіштерін талдады. Статистикалық деректерге негізделіп әзірленген сценарийлердің біріне сәйкес 2030 жылға қарай бұл елдерде 4,7 миллион қыз кем дүниеге келеді. Екінші сценарий бойынша осы күнгі қалыптасқан тенденциялар сақталса, бұл көрсеткіш 2100 жылға қарай әлем бойынша 22 миллионнан асуы мүмкін. Зерттеу авторлары ерлер саны артқан сайын қоғамда зорлық-зомбылық секілді жат әдеттердің көбеюіне әкелуі мүмкін екенін ескертті. Соның ішінде соңғы 40 жылда Еуропаның оңтүстік-шығыс  елдерінде, сондай-ақ, Азияның оңтүстігі мен шығысындағы елдерде бей-берекет жыныстық қатынасқа байланысты түсік жасатқандар қарасы күрт артып келеді.

Ұқсас материалдар:

«Азия елінің соты бала туғанша оның жынысы туралы ата-анасына хабарлауға тыйым салды» (https://islam.kz/kk/news/alem/aziya-elinin-soty-bala-tugansha-onyn-jynysy-turaly-ata-anasyna-habarlauga-tyiym-saldy-19913/#gsc.tab=0);

«Құрсақтағы баланың жынысын анықтау арқылы түсік жасатуға тыйым салуды ұсынды» (https://islam.kz/kk/news/alem/qursaqtagy-balanyn-jynysyn-anyqtau-arqyly-tusik-jasatuga-tyiym-saludy-usyndy-4268/#gsc.tab=0) 

0 пікір
Мұрағат