Суды микропластиктен қайнату арқылы тазартуға болатыны анықталды
Суды микропластиктен қайнату арқылы тазартуға болатыны анықталды
1 ай бұрын 731 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Қытай ғалымдары қатты суды жайлап қайнату арқылы су құрамындағы микропластиктің 80%-90%-ы кететініне көз жеткізді. Судағы микропластик шөгіндіге айналады. Бұл жайында islam.kz порталы knife.media ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағыттағы тәжірибе барысында қаттылық (қатты су - ерітілген минералдардың айтарлықтай мөлшерін қамтитын су – ред.)  деңгейі әрқалай суға мөлшері 0,1-ден 150 микрометрге дейін болатын үш түрлі бөлшектер – полистирол, полиэтилен және полипропилен қосылды. Содан кейін микропластик қосылған су бес минут шамасында қайнатылды. Қаттылығы жоғары суды қайнату әдісі тиімділік танытқан. Қайнату тәсілі мұндай суда кездесетін пластикалық микробөлшектердің 90%-на дейін жоюға мүмкіндік берді. Ғалымдар қайнату әдісінің қымбатқа түсетін сүзгіден өткізу технологиясын  қолдану мүмкін болмаған кезде ауызсуды тазартудың арзан әрі жылдам тәсіліне айналатынын алға тартып отыр. Тәжірибе барысында бұл әдістің тиімділігі айқындалды, әсіресе, кальций мөлшері жоғары суды (литріне 300 мг СаСО3) микропластиктерден 90%-ға дейін тазартуға мүмкіндік берген. Кермегі төмен суды (литріне 60 мг СаСО3 аз) қайнатқанда микропластиктен 25% арылтқан. 

 

0 пікір
Мұрағат