Жаһандық проблемаға байланысты жыл өткен сайын азық-түлік қымбаттай беретін болды
Жаһандық проблемаға байланысты жыл өткен сайын азық-түлік қымбаттай беретін болды
1 ай бұрын 808 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Климат дағдарысы жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне қатер төндіреді. Адамзат жиі тұтынатын кей азық түрлері жоғалады немесе қат дүниеге айналады (мәселен, тағам қоспасы ретінде қолданылатын шафран, кофе, т.б.). Бұдан бөлек, күллі әлем бойынша азық-түліктің бағасы айтарлықтай көтеріледі. Жаһандық жылыну мен аптап ыстыққа, құрғақшылыққа, тасқын-селге, т.б. байланысты. Потсдамдағы климат өзгерісін зерттеу институтының ғалымдары осындай тұжырымға келіп отыр. Бұл жайында islam.kz порталы Communications, Earth and the Environment мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жаһандық жылынуға байланысты төтенше ауа райынан ауыл шаруашылығы көп зардап шегеді. Салдарынан инфляция тереңдейді. 2022 жылдың жаз мезгіліндегі аптап ыстықтан инфляция әлемде 0,43-0,93 пайызға өскен. 2035 жылға қарай, сарапшылардың пікірінше, бұл көрсеткіш кем дегенде 30 пайызға жетеді. Тағы бір сценарий бойынша азық-түлік инфляциясы 50 пайызға дейін өспек. Азық-түлік бағасының өсу тенденциясы тек экономикасы кері кеткен елдерде ғана емес, сонымен қатар, табысы жоғары дамыған елдерде де сақтала бермек. Әсіресе, Африка құрлығындағы және Латын Америкасында ауа температурасының көп көтерілуінен азық-түлік өзге аймақтарға қарағанда қымбатырақ болмақ.

0 пікір
Мұрағат