Құрғақшылық әлі 10 мың жылға созылады
Құрғақшылық әлі 10 мың жылға созылады
7 жыл бұрын 8449 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Климатологтар Таяу Шығыстағы құрғақшылықтың аномалия емес, яғни, табиғаттың тосын құбылысы емес, қалыпты жағдайы екенін жеткізе келе бұл аймақтағы құрғақшылықтың әлі 10 мың жылдай уақытқа созылатынын мәлімдеді. Геологтар мен климатологтар мұндай тұжырымға аталған аймақтың соңғы 130 жылдағы климатын талдай келе жасады. Сарапшылардың айтуынша, алдағы уақытта жағдай мұнан да қиындай түседі, дәлірегі, жауын-шашын мөлшері азаяды. Мамандар осы өңірді ылғалдандыратын бірден-бір қайнар көзі саналатын Жерорта теңізінің ықпалы әлсірей беретінін тілге тиек етті. Ғалымдардың Таяу Шығыстағы құрғақшылыққа қатысты зерттеу нәтижесі Journal of Quaternary Science мерзімді басылымында жарық көрді. Мамандар бұл аймақтағы климатты бірнеше мың жыл сайын екі режимге ауысып отыратынын анықтаған. Нақтырақ айтқанда, салыстырмалы түрде ылғалды суық климат және құрғақшылыққа апаратын жылы климат. Бүгінгі таңда құрғақшылыққа апаратын жылы климат кезеңі байқалып отыр. Бұл кезең әлі 10 мың жылға созылады. 

0 пікір
Мұрағат