Криптовалюта халал етпен кепілдендіріледі. Қалай?
Криптовалюта халал етпен кепілдендіріледі. Қалай?
7 жыл бұрын 3048 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Татарстанда көп ұзамай Ит-коин деп аталатын криптовалюта пайда болады. Оны қолданысқа енгізуге қатысты Денис Рындин блокчеин технологиясы қолданылатынын және халал етпен қамтамасыз етілетінін мәлімдеді. "Ит - тек жоғары технология ғана емес, сонымен қатар, көне дәстүр де: "ит" (біздіңше - ет) "ет" деп аударылады",- деді ол. Одан табыс табудың кестесі: ғаламтор пайдаланушысы чип салынған, яғни, ен тағылған бұқаны сатып алады, оның құны фермада бордақылауда қосқан салмағына қарай өседі. Оның бұл жобасы табыс табудан бұрын криптовалютаны ислам талабына сәйкес қодданып көруге бағытталған тәжірибеге ұқсайды. Аталмыш жобаның қаншалықты сәтті жүзеге асатыны алдағы уақытта белгілі болып қалар.

0 пікір
Мұрағат